Новости : Наурыз мейрамы

Қасиетті қазақ жеріне Ұлыстың ұлы күні  - әз Наурыз да сағындырып, сарғайтып жетті, міне!Наурыз мейрамы елімізде мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналған, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.  Осыған орай, Көкшетау қаласының «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында» наурыздың 20-шы жұлдызында «Қош келдің, Наурыз!» атты наурыз мерекесі өтті. Аталмыш шараға  «Ақмола облысындағы іскер әйелдер қауымдастығы» - Мащинская Е.И., АО «Altyntau Kokshetau», «Арнайы мамандырылған қауіпсіздік қызметі», ТОО «GOLD», АО «Тенгри банк» , ТОО «Көкше жолдары», АО «Цесна банк», БФ «Үміт Надежда» , ОО « Мүгедек балаларды оңалту орталығы мүмкіндігі», «Іскер әйелдер кеңесі» құрметті қонақтары шақырылды. Ұлттық мерекеге орай  іс-шара алаңы балалардың тәрбиелеушілермен бірге жасалған қолөнерлермен безендіріліп, киіз үйде наурыз дастарханы жайылған. Аталмыш шараға шашу шашылып, директорының  құттықтау сөзімен  басталса, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, арымен қарай ән шашуы мен және тамсана билеген билерімен келген қонақтарды өнерлерімен тәнті ете білді. Концерттік бағдарлама тыңғылықты құрылғандықтан, коцерт өте жоғары деңгейде өткізіліп,ұлттық ойындар ойнатылып,  наурыз мерекесіне  байланысты домбырадан күй шертіліп, ұлттық киімдегі арулар мың бұралған қыздарымыз биден шашу шашты.  Мерекелік іс-шара барысында орталықтың қызметкерлері мен тәрбиешілерінің және тәрбиеленушілері тамаша көңіл-күймен қазақтың ұлттық мерекесін қарсы алды. Сонымен қатар, орталықтың бірлесе жасалған жұмыс нәтижесінде балаларымен келген ата-аналарда ақ дастархан басында жиналып, концерттік бағдарламаны тамашалауға барынша жағдай жасалынған. Мереке соңыңда қонақтарымызға  мерекелік дастархан жайылып, Ұлыстың ұлы күні жасалынатын қасиетті ас - Наурыз көже таратылып,   балаларға арнайы әзірленген кішігірім сыйлықтар табыс етілді.   

Молдаш Айдана

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
© 2011 kokshe-balbobek.kz